«Omarket» интернет-дүкендерінің агрегаторын пайдалану бойынша қызмет көрсету туралы жария оферта шарты (ұсыныс).
1. Терминдер және анықтамалар.
Осы офертада төменде келтірілген терминдер мынадай мағыналарға ие және оның құрамдас ажырамас бөлігі болып табылады:
-
Интернет-дүкендердің агрегаторы – https://omarket.kz интернет-мекенжайы бойынша орналасқан интернет-дүкендер агрегаторының функционалдығын ұсынатын Оператордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Сайт). Осы оферта шеңберінде Интернет-дүкендердің агрегаторы және Дүкен ұғымдары оферта контексті бойынша тең және дәлме-дәл түсіндіріледі;
-
Мемлекеттік сатып алудың веб-порталы – https://goszakup.gov.kz интернет-мекенжайы бойынша орналасқан, бұдан әрі веб-портал деп аталатын, мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
-
Тапсырыс – Тапсырыс берушінің Дүкенді пайдалана отырып, Тауарға тапсырысты ресімдеуі және Өнім берушінің Тауарға ресімделген тапсырысты растауы;
-
Тапсырыс беруші – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған, Тапсырыс беруші ретінде Тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға ниеті және өкілдігі бар заңды тұлға;
-
Жеке кабинет – логин мен парольді енгізу арқылы қол жеткізу жүзеге асырылатын, Дүкен қызметінің бір бөлігі;
-
Деректерді өңдеу – Пайдаланушылар Дүкенге берген деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;
-
Оператор – «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС (Қазақстан Республикасының бизнес сәйкестендіру нөмірі: 200140019273);